USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің финалына шықты

2022 жылғы 14 қаңтар 11:14
Бөлісіңіз:
Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді Australian Open: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аяома – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда жетінші геймде Анна мен Беатрис брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте жапониялықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:2).

Супер тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұп 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қарсыластарының таразы басын теңестіруіне жол берді. Дегенмен сосын екі мини-брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 10:6.

Анна мен Беатрис финалда германиялық Вивиан Хайзен – мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салады.

Осылайша А.Данилина жұптық сында WTA 500 сериясындағы додаларда алғаш рет финалда бақ сынамақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің жартылай финалына шыққанын, Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Диястың өзара кездесетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде бақ сынайды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT