Теннис: Анна Данилина Дубайдағы жарыстың жеңімпазы атанды

None
None
ДУБАЙ. ҚазАқпарат – Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен словакиялық Виктория Кузьмова финалда ресейліктер Ангелина Габуева – Анастасия Захаровамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде А.Данилина мен В.Кузьмова қарымта қайырды – 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды.

Осылайша А.Данилина жұптық сында тағы бір титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Михаил Кукушкиннің қарсыласына есе жібергенін, Александр Бубликтің есепті теңестіргенін, Қазақстан құрамасының Швецияны жеңгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар