Теннис: Анна Данилина Бразилияда топ жарды

None
None
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бразилия мемлекетінде өткен халықаралық  ITF Junior жарысында  қазақстандық  Анна Данилина   қос сайыста  жеңіске жетті.

Ақтық сында  17 жасар жерлесіміз  тартысты үш сетте  6:4, 4:6, 6:3 есебімен  Швеция елінен келген Эллен Алгуриннен мерейін асырды.

Одан бұрын жартылай финалда турнирдің 9-шы ракеткасы   Анна  американдық Шалина Шолды екі сетте 6:3,7:5 ұпайымен айласын асырса, бәсекенің  ¼ финалында  украиналық Марианна Закарлюкті жеңді. Есеп-6:4, 0:6, 6:4.

Халықаралық рейтингінің көрсеткіші бойынша,жерлесіміз дүбірлі жарысты екінші кезеңнен бастаған болатын. Турнирдің екінші айналымында қазақстандық жас спортшы АҚШ-тың теннисшісі Катрин Изабель Стефенсонмен жолы түйісті. Оны жерлесіміз екі сетте 6:4, 6:2 есебімен оңай жеңді. Үшінші айналымда біздің теннисші аргентиналық Виктория Боскаға қарсы алаңға шығып, оны да екі сетте 6:2,6:2 ұпайымен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, ол жұптасып өнер көрсету сайысында  Польша елінің өкілі Зузанна Мациевскамен бірге топ жарды.  Финалдық кездесуде  Данилина/Мациевска жұбы  Ферни Анжелес Пас(Перу)/Катрин Изабель Стеффенсен (АҚШ) одағын екі сетте 6:1, 6:2 ұпайымен ұтты.

Соңғы жаңалықтар