Теннис: Александр Недовесов жұптық сында Киев турнирінің жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Орландо Лужбен бірге финалда украиналықтар Денис Молчанов - Сергей Стаховскиймен күш сынасты.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша А.Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын, Тимофей Скатовтың Киев жарысының финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар