Теннис: Александр Недовесов жұптық сында Киев турнирінің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен бразилиялық Орландо Луж жартылай финалда чилилік Фернандо Гонсалес – америкалық Стив Джонсонмен

кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Луж 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Қарсыластары бір ғана брейкпен шектелді.

Сенбі күні қазақстандық-бразилиялық жұп турнирдің 2-ракеткалары, украиналық Денис Молчанов – Сергей Стаховскиймен бас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко жекелей сында жартылай финалға шыға алмады. Ол түркиялық Ерги Киркинмен өткен ширек финалдық матчта есеп 4:6, 0:1 болғаннан кейін жарысты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Баку турнирінің финалына өткенін, Тимофей Скатовтың Киев турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар