+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

2021 жылғы 27 ақпан 17:20
Бөлісіңіз:
Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Татьяна Ахметова-Аманжол күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды Нокдаун және нокаут: Айдос Медет Алматыдағы кеште жеңіске жетті Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 76-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен кездесті.

Бірінші партияда Р.Албот 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Есесіне Бублик келесі екі сетте сәтті ойнады - 6:3, 6:4. Бәсеке 1 сағат 32 минутқа созылды.

А.Бублик финалда әлемнің 114-ракеткасы, аустралиялық Алексей Попыринмен бас жүлдені сарапқа салады. Ол әлемнің 44-ракеткасы, хорватиялық Марин Чиличті 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Сингапур турнирінің жартылай финалына шыққанын, А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT