Теннис: Александр Бублик Сингапур турниріне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Singapore Tennis Open турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ATP жарысы 22-28 ақпан аралығында өтеді.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші жапониялық Шинтаро Мочидзуки немесе іріктеу сайысында үздік шыққан теннисшінің біреуімен шеберлік таластырады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Сингапур жарысында франциялық Адриан Маннарино, аустралиялық Джон Миллман, хорватиялық Марин Чилич сынды танымал теннисшілер бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада өтетін турнирде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын, сондай-ақ жұптық сын жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар