Теннис: Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик ширек финалда әлемнің 22-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен кездесті.

К.Рууд үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп кеткен болатын.

Бұл жолы тартысты өрбіген бірінші партияны норвегиялық теннисші өз есебіне жазды - 7:5.

Екінші сетте ол айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Бәсеке 1 сағат 8 минутқа созылды.

К.Рууд финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттини немесе рейтингте 25-сатыдағы чилилік Кристиан Гариннің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын Мадрид мастерс турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар