+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Теннис: Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылғы 23 маусым 18:38
Бөлісіңіз:
Теннис: Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның - бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті Теннис: Елена Рыбакина Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмады Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовпен шеберлік байқасты.

А.Бублик екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, бес эйс жасады. Қарсыласы төрт эйспен шектелді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонего немесе рейтингте 43-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос Истбурн турнирінің екінші айналымына шыққанын, А.Бубликтің осы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT