Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңадан жарияланған әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бұл осыған дейін 38-сатыда болған Бубликтің рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 100-ден 105-ке, ал Дмитрий Попко 193-тен 194-ке сырғыды.

Д.Попко Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-інші, Зарина Дияс 93-орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева 35-тен 43-сатыға жайғасты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Страсбургте қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар