+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілді

2021 жылғы 18 қазан 14:16
Бөлісіңіз:
Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдегі үздік ойыншылардың жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстанның  ширек финалдағы қарсыласы анықталды Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ден 35-орынға көтерілді.

Осылайша ол өзінің дүниежүзілік рейтингтегі рекордтық көрсеткішіне (34) бір табан жақындады.

Михаил Кукушкин 149-дан 147-ге, Дмитрий Попко 165-тен 163-ке, Тимофей Скатов 271-ден 269-ға, Денис Евсеев 406-дан бірден 370-орынға жоғарылады.

Жұптық сында Андрей Голубев 36-ыншы, Александр Недовесов 77-сатыда келеді.

А.Бублик Мәскеуде бүгін басталатын Кремль кубогы жарысында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, украиналық Илья Марченко.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT