«Теңізшевройлдың» екінші буын зауытында ақау шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Теңізшевройл» ЖШС-нің Теңіз кенішіндегі екінші буын зауытында ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өндірістік ақау кеше, 6 қарашада анықталған.

Теңіз кенішіндегі екінші буын зауыты Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Теңізшевройл» техникалық ақауларға байланысты Теңіз кенішіндегі нысандардың бірі уақытша тоқтап қалғанын растайды. Қазіргі уақытта барлық өндірістік қондырғы қалыпты режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Аталған зауытта G-211А маркалы сорғының істен шыққаны анықталған. Өндірістік ақауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң зауыт технологиялық режимге сәйкес жұмысын қайта жалғастырған.

Өндірістік ақау кезінде жұмысшылар эвакуацияланған жоқ.

Еске салайық, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар