«Теңізшевройл» атмосфераға газдың таралу себебін анықтауда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі Теңіз мұнай кен орнында атмосфераға газдың таралу себептері анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, атмосфераға газдың таралуы туралы сенбі күні әлеуметтік желілерден белгілі болды. Мұнай әзірлейтін қондырғы құбырларының әр тұсынан түсірілген видеода одан түтін секілді ақшыл түсті газдың шығып жатқаны көрінді. Барлық қолданушылар қауіпсіздік шараларын ескермей, зауытты қауіпті қашықтықтан түсірген. Бұл әрекет жұмысшылар түгелдей эвакуацияланғанымен түсіндірілді.

ТШО баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Теңізшевройл» 23 маусым күні Кешенді технологиялық желі зауытында технологиялық ақау салдарынан атмосфераға газдың тарағанын растайды. Жедел қызметкерлер құрамынан бөлек барлық персонал техникалық қауіпсіздік шараларына сәйкес зауыттан шығарылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сәлден соң қызметкерлер өз орындарына оралып, барлық жұмыстар қайта жалғасты. Арнайы мемлекеттік органдарға оқиға жөнінде ақпарат берілді. Орын алған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін  барлық қажетті шаралар қолға алынады», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына. 

Соңғы жаңалықтар