Теңізге ыққан жасөспірім 49 күннен кейін құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Arpeggio құрғақ жүк таситын кемесі Гуам аралының маңында дауыл салдарынан теңізге ыққан лашықтағы индонезиялықты құтқарып қалды. Бұл туралы Jakarta Post хабарлады.

Жасөспірім балық аулауға арналған стационарлық торда жұмыс істеген. Ол лашықта балықтарды қызықтыратын жарықтың жанып тұруын қадағалаған.

Шілдеде қатты дауыл салдарынан оның шағын кемесі теңізге ығып кеткен. Ол Сулавеси аралынан әлдеқайда алысқа кетіп қалған. Индонезиялыққа қолда бар тамағы бірнеше күнге ғана жеткен. Ол аштық пен шөлден өліп қалмас үшін балық аулап, кеменің бөліктерін жаққан және теңіз суын ішкен. Ол судың тұздылығын кетіру үшін киімінен өткізген.

Осакадағы Индонезия консулдығы мәлімдегендей, оның жанынан 10 кеме елемей өте шыққан. Ашық теңізде өткізген 49-ыншы күні жас жігітті Жапонияға бет алған Панама туының астындағы жүк таситын кеме байқап қалған. Абырой болғанда, Адиланг радиосигнал жіберіп, экипаждың назарын өзіне аударады. Оны Жапонияға жеткізіп, кейін Индонезия консулдығына тапсырған. 

Соңғы жаңалықтар