Теңіздегі оқиға: Полиция жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын ескертті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Орын алған оқиғадан соң Теңіз қалашығы аумағында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді, қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ҚК 293-бабына («Бұзақылық») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу аясында оқиғаға қатысты адамдарды анықтауға бағытталған кешенді жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, WhatsАpp мессенджерінде және әлеуметтік желілерде тараған Теңіз вахта қалашығында жезөкшелікпен айналысуға арналған бірнеше притонның анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Айта кетелік, Атырау облысы полиция департаменті арандатуға бой алдырмауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға кеңес береді. Аталған заңбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Соңғы жаңалықтар