Теңізде жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары екі күн карантинде болады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін Алматы облысының 64 тұрғыны Атыраудан әуе рейсімен Алматы әуежайына жеткізіледі. Олар Қапшағай қаласы маңындағы «Күншуақ» демалыс орнына орналасып, екі күн карантинде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серіктестік қызметкерлері соңғы айда Теңіз кенішінде вахталық ауысымда жұмыс істеген, олар COVID-19 инфекциясы анықталған Ватернас вахталық кентінде тұрмаған. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында әуе рейсіне коронавирус инфекциясына тексеру экспресс-тестінің нәтижесі теріс болғандар ғана отырғызылды.

Олар Қапшағай қаласына жеткізілгеннен кейін екі күн карантинге алынады. Облыс басшылығының тапсырмасымен аталған демалыс орнында барлық санитарлық-дезинфекциялық шаралар сақталып, карантин кезінде жолаушылардың өмір сүруіне қажетті барлық жағдайлар толық қарастырылған. Екі күннен кейін аталған жолаушылар тұрғылықты жерлеріне арнайы автобустармен жеткізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар