Теңізде 19 жастағы жұмысшы бульдозердің астында түсіп қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қайғылы оқиға ТШО жаңа нысанының жер қазу жұмыстарымен айналысатын «SA Constraction Group» компаниясында болған. Көлік қозғалысын реттейтін сигналшы болып жұмыс істейтін Маңғыстау облысының 19 жастағы тұрғынын артқа қарай жүріп бара жатқан бульдозер басып кеткен. Жас жігітті контейнерге қысып жіберген. Ол дәрігер келгенге дейін қаза тапты», - деп хабарлады Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Жұмыс орнында адамның қаза табу фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар