Теңіз вахтасында болған 200 жұмысшы Алматыға жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы кен орнының вахташы жұмысшылары бар әуе рейсі Алматыға қонды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері өткен ай бойы Теңізде жұмыс вахтасында болған. Компания басшылығы жұмысшыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қайтару туралы шешім қабылдаған.

Жолаушылардың бәрі Атырау облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне қажетті сауалнамалар мен қолхаттарды толтырған.


Сонымен бірге, жұмысшыларға тест жүргізіліп, нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ұшаққа отырғызылуға рұқсат етілген. 200 адамның бәрі Алматы және Алматы облысының, соның ішінде Талдықорған қаласының тұрғындары болып табылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен жұмысшыларың барлығы келгеннен кейін коронавирусқа анализ тапсырып, нәтижелері белгілі болғанша карантинге жатқызылды.

Атап өтетіні, кен орнынан жұмысшылардың Алматыға дейін ұшақпен келуі, қызметкерлерге тест жүргізу және карантин ұйымдастыру жұмыс берушілердің есебінен жүзеге асырылды.


Соңғы жаңалықтар