«Теңіз Шевроил» мұнай өндіру көлемін 21,5 миллион тоннадан 22,5 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр

None
None
анның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Биылғы жылы «Теңіз Шевроил»  мұнай өндіру көлемін 21,5 миллион тоннадан 22,5 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Вице-министрдің айтуынша, 33 миллион текше метр көлеміндегі газды қосымша жағу бойынша мәселені шешу керек. Алдағы аптада осыған байланысты қосымша келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде.

 Дүйсенбай Тұрғанов министрлік жалпы алғанда мұнай өндіру мен өңдеудің жоспарлы көлеміне шығатынын да айтып өтті.

Сонымен қатар, көмір өндіру мәселесіне тоқталған ол, «көмір бойынша қыркүйек айында біз шамалы артта қалдық. Алайда жыл соңына дейін біз жоспарлы деңгейге, яғни 92,7 миллион тоннаға қол жеткіземіз», деді.

Соңғы жаңалықтар