«Теңіз» кенішінің жұмысшылары Ақтөбеде коронавирус бойынша тексеріліп жатыр
2020 жылғы 22 сәуір 15:31

«Теңіз» кенішінің жұмысшылары Ақтөбеде коронавирус бойынша тексеріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге Атыраудан бір топ жұмысшы келді. Олардан анализ алынды. Індет анықталмаса, екі күннен соң бәрі үйіне жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Атыраудан бір топ жұмысшы келді. Барлығы 432 тұрғын. Олар қабылданды, карантиндік госпитальге жатқызылды. Лабораториялық тексеруге қажетті анализ алынды. Зерттеу нәтижесіне байланысты шешім қабылданады. Егер ешкімнен індет анықталмаса, үйдегі карантинге жіберіледі. Егер анықталса, әр адамға жеке шешім қабылданады. Қазір ешқайсысында дене қызуы жоқ», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген адамдардың арасында аудан тұрғындары да бар. Барлығы 1847 адам кезең-кезеңімен 1 мамырға дейін келіп болады. Ал бүгін жеткізілгенін полиция мен дәрігерлер теміржол вокзалынан арнайы күтіп алып, карантиндік госпитальдерге орналастырды. Пойыз жол бойы Қандыағаш стансасына тоқтап, сол жерден дәрігерлер мінді.


Jańalyqtar

MURAǴAT