Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшысынан коронавирус анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшы​ ​ Covid-19 вирусын жұқтырғаны анықталды​, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ​

Бүгін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 4 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі расталған.

Науқастардың екеуі​ 1989 жылы туған, біреуі​ 1969​ жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

«Төртінші науқас​ 1969 жылғы әйел адам. Ол бұған дейін қауіпті топтың қатарында болған. Әйел адам жоспарлы ПЦР тестілеуден өтті. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды. Осылайша, Атырауда вирустың жаңа ошағы анықталып отыр. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында залалсыздандыру жүріп жатыр» деп хабарлады​ төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб.

Атырау облысында 29 сәуір күнгі жағдай бойынша 135​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.

Соңғы жаңалықтар