Теңіз кенішінің 3 жұмысшысы жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Теңіз кенішінің қауіпті індет жұқтырған 3 жұмысшысы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, 56, 39 және 38 жастағы жұмысшының жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Пациенттер қарқынды ем алып жатыр.

«Жансақтау бөлімінде 4 пациент ем қабылдаған еді. Біреуінің жағдайы жақсарып, жай палатаға ауыстырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты», - деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Теңіз кенішінде 230 орындық инфекциялық стационар ашылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар