Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды
2020 жылғы 19 мамыр 14:12

Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысындағы Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтан мәлім етті.

«Қауіпті індет жұқтырған науқастардың бәрі –Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекеменің қызметкерлері. Олар вахталық ауысым алдында тұрғылықты мекенжайына бару үшін міндетті скринигтен өткен. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазір алгоритмге сәйкес ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 769 адамға жетті. Оның ішінде 174 пациент жазылып шыққан. Бұған дейін Теңіз кенішінің 3 жұмысшысы жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT