+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Теңіз кенішінен жарты жылда 15 млн тоннаға жуық мұнай өндірілді

2019 жылғы 13 тамыз 17:55
Бөлісіңіз:
Теңіз кенішінен жарты жылда 15 млн тоннаға жуық мұнай өндірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы Теңіз кен орнынан жарты жылда 15 млн тоннадай мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнай өнімдерін шетелге автокөлікпен шығаруға тыйым салынды Қазақстанда жыл басынан бері 82,5 млн тонна мұнай өндірілді Қазақстанның оңтүстігінен мұнай белгісі табылды

«2008 жылы ТШО шикі газды айдау жобасын аяқтап, екінші буын зауытын іске қосқан соң, тәуліктік мұнай өндіру көлемі 75 000 тоннаға (600 000 баррель) жетті. Аталған жобалардың арқасында 2019 жылдың алғашқы жартысында шикі мұнай өндіру көлемі 14,96 миллион тонна немесе 119,4 миллион баррельді құрады», - деп мәлімдеді «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 14,7 млн тонна (117,3 млн баррель) еді.

Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), Королев кен орнында - 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель). Теңіз және Королев кен орындарынан алынатын мұнай қорлары 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға (7,1 – 10,9 млрд баррель) дейін жетеді. Теңіз кен орны коллекторының ені 20 км (12 миль), ал ұзындығы 21 км (13 миль).

Автор: А.Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Мұнай,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT