Теңіз кенішіндегі стационарда 716 науқас емделіп жатыр
2021 жылғы 4 қаңтар 17:21

Теңіз кенішіндегі стационарда 716 науқас емделіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 716 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, коронавирус инфекциясын жұқтырудың басым бөлігі бұрынғыша Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде тіркеліп отыр. Өңірде өткен тәулікте 51 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 12 науқас бар. Теңіз кенішінде 32 жұмысшы қауіпті вирус жұқтырды. Ал, Жылыой ауданында – 2, Қызылқоғада – 3, Мақат ауданында 2 адамнан Сovid-19 табылды. Коронавирус 10 науқаста симптомды түрде өтуде» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 39 науқас емделіп шыққан. Ал 238 адам үй жағдайында ем қабылдауды жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарларда 34, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 716 адам

ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 66 жұмысшы коронавирус жұқтырған еді.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT