Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Экология департаментінен мәлім еткендей, кеше, 1 шілдеде сағат 17:40-та «Теңізшевройл» ЖШС игеріп жатқан Теңіз кен орнындағы мұнай желісінде ақау пайда болған.


«Екінші буын зауытының мұнай желісінде клапанның жабылу себебінен зауыт жұмысы мен шикі газды жер қойнауына айдау өндірісі тоқтатылды. Өндіріс пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алауда отын газы жағылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізбек. Ақаудың себептері мен өзге де мәліметтер содан кейін хабарланады.


Соңғы жаңалықтар