Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 440 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысының инфекциялық стационарларында 1 736 науқас оқшауланған. Оның ішінде 440 пациент Теңіз кенішіндегі стационарда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар санының көбеюі Жылыой ауданы мен Теңіз кенішінде байқалып отыр.

«Атырау облысында 5 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 340 науқас анықталды. Оның ішінде Атырау қаласында 230 адамның қауіпті вирусқа шалдыққаны расталды. Ал, Теңіз кен орнында 28 жұмысшыдан індет белгісі анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 26, Қызылқоғада – 12, Индерде – 11, Исатайда – 11, Құрманғазыда – 11, Махамбетте –6, Мақат ауданында 5 адамнан коронавирус жұқтырды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 5 333 науқас өз үйінде ем қабылдап жатыр. Теңіз кен орнындағы стационарда – 440, аудандардағы стационарларда – 410, №2 облыстық ауруханада – 200, модульдік ауруханада – 195, теміржол ауруханасында – 108, кардиологиялық орталықта – 105, облыстық ауруханада – 94, фтизиопульманология орталығында 76 науқас емделуде. Сондай-ақ, инфекциялық стационарға айналған жатақханада 108 пациент оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустан 7 мыңға жуық адам емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар