+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Теңіз кенішінде вахталық жұмыс мерзімі ұзарады

2020 жылғы 20 маусым 06:29
Бөлісіңіз:
Теңіз кенішінде вахталық жұмыс мерзімі ұзарады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вахталық жұмыс мерзімі екі есе ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың мәліметінше, 15 маусым күні Теңіз кенішінде жұмысшылардың вахталық ауысуы басталған.

«Енді бұрын 14 күн жұмыс істегендер 28 күнге ауыстырылады. Ал, 28 күндік вахтаға келгендер енді 56 күн жұмыс істейді. Вахталық жұмыс мерзімінің ұзартылуы Қазақстанның еңбек заңдылығына сәйкес жұмысшылардың келісімімен жүргізіледі», - деді Рзабек Артығалиев.

Оның айтуынша, Теңіз кен орнында 13 700 адам жұмыс істеп жатыр. ТШО қызметкерлерінің арасынан - 73, ал мердігер мекемелерден - 1194 адам қауіпті індетті жұқтырған.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясынан 806 адам жазылған. Қазір Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 208 адам жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда карантин шектеуі қайта күшейтілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT