Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады. Бұл шешім 9 тамызда іске асырыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі басымдық –қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.

«Осыған байланысты «Теңізшевройл» қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының таралуын азайту үшін 2021 жылдың 9 тамызынан бастап «Теңіз» кенішіндегі жедел емес қызметкерлердің вахталық ауысымын және қайта мобилизациясын уақытша тоқтатады.

Аталған уақытша шараның «Теңіз» кенішінде жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге қатысы жоқ», - деп хабарлады серіктестіктің баспасөз қызметі.

«Теңіз» кенішінде вирустың таралуын болдырмау үшін COVID-19-ға қатысты енгізілген қауіпсіздік шаралары, оның ішінде қызметкерлерді «бөлек жайғастыру» (тұрғын үйлерде, көлікте және жұмыс орындарында), сондай-ақ ПТР-сынамасы мен оқшаулау бұрынғыша сақталатын болады.

«Кен орнына жұмысқа тартылған жұмысшылар арасында вакциналау бағдарламасы жалғасып жатыр. Қазір коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы компонентін салдырған қызметкерлер саны 45 000-нан асты. «Теңізшевройлдың» өндірістік қызметі үздіксіз жалғасуда. Компания Келешек кеңею-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасына байланысты жұмыстарды қауіпсіз орындауға ерекше мән беріп отыр», -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 440 науқас

емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар