Теңіз кенішінде түйіршіктелген күкірт шығаратын зауыт іске қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде түйіршіктелген күкірт шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа зауытта айына 40 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіріледі. Бұл жоба экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады.

«Теңіз кенішінің түйіршіктелген күкірті Африка, Еуропа, Қытай және басқа елдердің нарығына экспортталады. Күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндігін дамыту көзделді. Сондықтан күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жоба жүзеге асырылды», - дейді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Оның айтуынша, жергілікті компанияларды дамыту – компанияның негізгі стратегияларының бірі. Жобаны жүзеге асыруға тартылған қазақстандық «Caspian Group Construction» ЖШС екі жылға жетпейтін мерзімде жабдықтарды орнату мен іске қосу жұмысын сәтті аяқтаған. Жаңа зауытта жергілікті 60-тан аса адамға жұмыс орны ашылған.

«Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталды. Түйіршіктелген күкірт шығару үшін әлемдегі ең озық технологиялар қолданылып отыр», - деді түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері Ғалиасқар Итишев.


Соңғы жаңалықтар