+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшы коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 2 ақпан 12:40
Бөлісіңіз:
Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшы коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған СҚО-да коронавирустан қайтқандардың 78 пайызы - 61 жастан асқандар Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті індетке шалдыққан науқастар арасында Атырау қаласынан 1 адам бар. Науқастардың дені – 51 адам Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары екені анықталып отыр. Оның ішінде 11 науқастан коронавирустың симптомды түрі табылған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 76 адам сауығып шықты. Қазір 345 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 73, ал аудандардағы стационарларда 23, Теңіз кенішіндегі стационарда 683 науқас емделіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары екенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT