Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 121 адам қауіпті індеттен сауығып шыққан. Қазір 265 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 98, аудандардағы стационарларда 37 науқас ем қабылдап жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі стационарға 627 пациент жатқызылған.

«Өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталды. Атырау қаласында 13 адамнан, Теңіз кенішінде 42 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 2, Махамбетте – 1, Құрманғазы ауданында 7 адамнан Сovid-19 анықталды. Қауіпті инфекция жұқтырған науқастардың 22-інде ауру симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде 56 адам коронавирус жұқтырған болатын.



Соңғы жаңалықтар