Теңіз кенішінде коронавирустың 17 ошағы анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирустың 17 ошағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, мұндағы карантиндік стационарда 2000-нан астам адам бар. Олар бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Сондай-ақ, жұмысшылар тұған вахталық кентте қауіпті індеттің 17 ошағы анықталған.

Кен орнынан 16 200 жұмысшы шығарылып, тұрғылықты мекенжайларына жіберілген. Жақын күндері тағы 800 адамды шығару көзделіп отыр.

«Қазіргі уақытта Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекемелерден 359 адам инфекция жұқтырды. Оның 64-і жазылып шықты. Соңғы тәулікте мұнда індетке шалдыққан 90 адам тіркелді. Олар - бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар» - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Көшкінбаева.


Соңғы жаңалықтар