Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мың жұмысшы анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб мәліметінше, олар - науқаспен жақын қарым-қатынаста болған және байланыс жасағандар.

Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 мыңнан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​ ​

«Оның ішінде 6 мыңнан астам жұмысшы - Атырау облысының,​ 2 мыңнан астамы - Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600-ден астамы - Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер - Қазақстанның өзге өңірлерінен келген мамандар» деп нақтылады шұғыл штаб.​

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы - әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы - темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы - автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам - жақын қатынаста,​ 718 адам - байланыста болған.

Соңғы жаңалықтар