Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кен орнында қарашадан бері қауіпті індетті жұқтырған 140 жағдай тіркелген. Оның ішінде 71 науқас соңғы 4 тәулікте анықталған.
«Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Қазір мұнда 111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды құрап отыр. Соған сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылданды. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер мен 4 санитар бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі науқастар саны 102-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.
- Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы
- БҚО-да 8500-ден астам медицина қызметкерін коронавирусқа қарсы егу көзделуде
- Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты
- Сайлау науқаны коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне әсер еткен жоқ - ДСМ
-
Денсаулық сақтау министрі вакцина салдыра ма
-
Батыс Қазақстанда бір айда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам