USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Теңіз кенішінде карантин тағы 2 аптаға созылды

2020 жылғы 13 маусым 10:33
Бөлісіңіз:
Теңіз кенішінде карантин тағы 2 аптаға созылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз кен орнында карантин тағы 14 күнге созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Қазақстанда ЖОО-лардың жұмысы қалай ұйымдастырылады Жаңа қаулы: ШҚО-дағы мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды

Атырау облысының Теңіз кенішінде карантин шектеулері 26 маусымға дейін ұзартылды.

«Эпидемияға қарсы шаралар күшейді. Атап айтқанда маска режимі, қоғамдық орында әлеуметтік арақашықтықты ұстану, нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатысты шаралар қатаң бақылауға алынды. Өнеркәсіп орнынан жұмыскерлерді шығару нәтижесіне қарай персоналға қатысты шешім қабылданады. Теңіздегі өндіріс процесі тоқтамайтындықтан кен орнына кіретін жұмысшылардың тізімі алдын ала дайындалады. Вахтаға дейінгі бес күн ішінде олар тес тапсырып, оқшаулануы тиіс. Тек алтыншы күні ғана індет жұқтырмағаны белгілі болған соң жұмысқа кіріседі» делінген Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің хабарламасында.

Теңізден үйіне қайтатын жұмыскерлерге де осындай алгоритм қолданылады. Жұмысшы тест тапсырады, бес күн оқшауланады. Коронавирус жоқ болса үйіне қайтады. Тек ол 14 күн бойы үйінен шықпай, карантинде отыруы керек.

Одан бөлек, бас санитар арнайы қаулы шығарып, денсаулық сақтау басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС-не кен орнындағы барлық жұмысшыны әрі қарай да ПТР тестілеу арқылы тексере беруді тапсырды.

Кенішке кіреберіс пен шығаберістегі блокпостар әзірге алынбайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT