Теңіз кенішінде індет жұқтырғандар 32 адамға көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде індет жұқтырғандар 32 адамға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус індеті анықталған.

«Қауіпті індетке шалдыққан 12 науқас Атырау қаласында тіркелді. Ал Теңіз кенішінде 32 жұмысшы коронавирус жұқтырды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 4, Құрманғазы ауданында 1 адамнан Сovid-19 індеті табылды. Оның ішінде 20 науқаста індет симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 41 адам емделіп шықты» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үй жағдайында 228 адам емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 86, аудандардағы стационарда 13, Теңіз кенішіндегі стационарда ем қабылдап жатқан науқастар 342 адамға жетті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Атырау облысында 28 наурыздан бері 12 мың адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар