Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Онда Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің аумағында «Toyota Hilux» (пикап) пен «ПАЗ» автобусы соқтығысқаны айтылған.

Жол-көлік оқиғасы куәгерлерінің айтуынша, «Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісін ауруханаға алып кеткен. Сондай-ақ, бұл көліктің моторы жарамсыз болып қалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында автобус аударылып, 8 адам зардап шеккенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар