Теңіз кенішінде 210 медқызметкер вакцина алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 90-нан астам қызметкер коронавирусқа қарсы вакцина алған. Енді тағы да 210 адам вакцина салдырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кен орнындағы медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін тағы да 210 Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын жеткізіп берілген.

«Қазір «Теңізшевройлдың» 90-нан астам қызметкері вакцина алды. Компания Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компания мен мердігер мекемелердің барлық қызметкері үшін сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр. Осыған орай «Теңізшевройл» COVID-19 инфекциясының одан әрі таралауына жол бермеу мақсатында ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

«Теңізшевройл» клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбековтің айтуынша, вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

«Вакциналау – COVID-19 инфекциясынан қорғанудың маңызды құралы, компания қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі. Ел экономикасының дамуына елеулі үлесін қосатын компания жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда. Компания үшін өндірістік жұмысты үздіксіз жалғастыру, Келешек кеңею жобасының-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды» -дейді Абдулла Юсупбеков.

Кен орнында коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың бірі – компанияның өрт және апатты жою қызметінің медициналық үйлестірушісі Руслан Жалғазин.

«Мен үнемі медицина жаңалықтарынан хабардар отырамын. Жалпы вакциналар, соның ішінде «Sputnik V» вакцинасының клиникалық зерттеулер көрсеткендей, жанама әсері жоғын білдім. Вакцинасыз қауіпті вирустың таралуын тежеу қиын болар еді. Сондықтан, аталған вакцинаның екі компонентін алдым. Қазір өзімді жақсы сезінудемін» дейді ол.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 6 күнде 721 медагог вакцина алғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар