Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған
2022 жылғы 6 шілде 20:07

Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 9:55-те Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Жарылыс Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 150 шақырым қашықтағы Теңіз кен орнында болған. Жарылыстың салдарынан үш адам жарақат алған.

«Теңіз кен орнындағы 3-буын зауытының 42-учаскесінде гидротест жүргізу кезінде құбырдың фланецті қосындысы үзілген. Аталған жобаны іске асыратын мердігер компания – «Сенімді Құрылыс» ЖШС-де жұмыс істейтін 1985 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Кейін «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты медициналық клиникада «Агропром техника» ЖШС-нің бір жұмысшысы қайтыс болды. Оның жасы – 37-де», -деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кен орнындағы жарылыстан үш адам зардап шеккен. Олар – Onstream Kazakhstan, «Сенімді Құрылыс» және «Мұқан сервис» ЖШС-нің жұмысшылары. Зардап шеккендер – 29 және 26-жастағы ер адамдар.

«Жарақат алған жұмысшының бірі – Onstream Kazakhstan ЖШС-нің 26 жастағы ер адам «Теңізшевройл» ЖШС-нің әуе кемесімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Науқас облыстық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында жарылыстан жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жеткізілгенін, кейін жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін жазған едік.

Фото: businesswire.com
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT