Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 574 науқас жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнындағы эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі күйде. Қазір мұндағы инфекциялық стационарда қауіпті вирус жұқтырған 574 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте өңірдің 317 тұрғыны коронавирус инфекциясына шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында 176, Теңіз кен орнында 41 науқас тіркелген.

Қауіпті вирустың таралуы жеті ауданда да анықталып отыр. Мәселен, Жылыойда – 25, Исатайда – 25, Мақатта – 17, Қызылқоғада – 14, Индерде – 11, Құрманғазыда – 11, Махамбет ауданында 7 адамнан коронавирустың белгісі табылған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам қайтыс болған.

«Қазір 8 054 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланды. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 574, аудандардағы стационарларда – 309, модульдік ауруханада – 193, №2 облыстық ауруханада – 184, кардиологиялық орталықта – 94, облыстық ауруханада – 93, теміржол ауруханасында – 86, фтизиопульманология орталығында 63 науқас емделіп жатыр. Ал, стационарға лайықталған жатақханада 78 пациент ем қабылдауда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырауда бір күнде коронавирус инфекциясынан 9 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар