Теңіз кен орнында уланғандар саны артты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы ауруханаға «Монтажарнайықұрылыс» АҚ-ның тамақтан уланған тағы екі қызметкері жатқызылды. Осымен Теңіз кен орнында тамақтан уланғандар саны 28-ге жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай улану оқиғасы сейсенбі күні кешкісін Болашақ кентінде, Теңіз кен орнында болды. Бастапқыда 21 адам ауруханаға түскен. Бүгін уланғандар саны тағы артты. Зардап шеккендер тамақтанған асханадан тексеру үшін сынама алынды. Оларды зертханада мамандар зерттеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, науқастар жұмыртқа қосылған тағамнан уланған болуы мүмкін», - дейді Атырау облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайысов.

Еске сала кетейік, кеше Болашақ вахталық кентіндегі асханалардың бірінде тамақтанған жұмысшылар жаппай уланып, ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар