Теңіз кен орнында қызметкерлердің 92 пайызы вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін қызметкерлердің 92 пайызы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, кен орнына жұмысқа тартылған

48 мыңнан астам адам вакцинаның І компонентін ектірген. Оның ішінде 37 мыңнан

астамы вакцина толық компонентін алған.

«Компания кен орнында қауіпті вирустың таралуын болдырмау үшін қызметкерлер мен

жұмысшылардың вакцина салдыруына бар мүмкіндікті жасап отыр. «Теңізшевройл» ЖШС мен серіктес мекемелердің қызметкерлері Атырау, Құлсары, Нұр-сұлтан, Алматы, Орал, Ақсай, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Тараз, Көкшетау, Түркістан, Талдықорған және Жаңаөзен қалаларындағы «Медикер» орталықтарында вакцина салдыра алады. Бұл еліміздің басқа өңірлерінде тұратын әріптестеріміз үшін ыңғайлы», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында вахталық ауысым уақытша тоқтатылатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар