Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 550 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында – 241, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 185 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 27, Жылыойда – 27, Индерде – 26, Исатайда – 17, Мақатта – 15, Махамбетте – 10, Құрманғазы ауданында 2 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Науқастардың арасында 340 адам симптомды белгісімен ауырған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 489 науқас сауығып шыққан.

«Қазір 8 143 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 789 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде Теңіз кен орнындағы стационарда – 412, аудандардағы стационарларда – 387, модульдік ауруханада – 192, №2 облыстық ауруханада – 189, облыстық ауруханада – 176, теміржол ауруханасында – 106, кардиологиялық орталықта 101 науқас бар. Сондай-ақ, фтизиопульманология орталығында – 97, ал, жатақханаларда 129 пациент оқшауланған» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі тәулікте 1 078 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар