Теңіз кен орнында 26 жұмысшы тамақтан уланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз кен орнында 26 жұмысшы уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше Болашақ кентіндегі асханалардың бірінде кешкі астан кейін жаппай улану дерегі тіркелді. 21 адам Құлсары қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүгін зардап шеккендер саны 26 адамға жетті.

«Төтенше жағдай болған «Монтажарнайықұрылыс» АҚ барлық қызметкерлері тамақтан улану күдігімен ауруханаға жатқызылды. Жергілікті дәрігерлерге көмектесу үшін Атырау облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары да аудандық ауруханаға жіберілді. Алдын ала диагноз - гастроэнтероколит. Науқастардың жағдайы орташа», - деп мәлімдеді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Соңғы жаңалықтар