Tengri Ultra марафонына мүмкіндігі шектеулі спортшылар да қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Tengri Ultra марафонының қатысушылары жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл марафонда параатлеттерге арналған санат ашылады.

«Биыл марафонға құлағында мүкісі бар және көзі нашар көретін азаматтар қатысады. Олар үшін шақырымға созылған қашықтықтан кедергілердің бәрін алып тастадық. 10 зағип спортшы стартқа шығады. Олар ел қатарлы жүгіреді. Бірақ олардың қашықтығы қысқа болмақ әрі марапаттау бөлек өтеді», - деді  жарыс директоры Тимур Артюхин.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар скандинав жүрісі бойынша 35 шақырымға әрі 15 шақырымға жарысатын болады.

«Жақсы ұпай жинаған спортшылар Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін Бас жүлде жарысына қатысатын болады», - деді ұйымдастырушылардың Максим Прощенко. 

Айта кету керек, айтулы спорт шарасы Қазақстанда ғана емес шетелде де танымал болып келеді. Жарысатын 1 200 адамның жартысына жуығы шетелдіктер.

Tengri Ultra ұпайлары халықаралық UTMB-2018 марафонына қатысуға мүмкіндік береді және ол Asian Trail Masters күнтізбесіне енеді.

Марафон Іле өзенінің жағалауында Тамғалы тас шатқалында өтеді.

Соңғы жаңалықтар