+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылу себебі анықталды

2021 жылғы 8 ақпан 13:16
Бөлісіңіз:
Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылу себебі анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылу себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Банктік реттеу департаментінің директоры Олжас Қизатов Tengri Bank-тегі қандай жағдайлар оның жұмысын тоқтатуға әкеліп соққанын айтты.

2020 жылдың басында банк салымшылар қаражаттарының айтарлықтай жылыстауын бастан кешірді, ал наурыз айында қаржы институты өтімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етумен байланысты проблемаларға тап болды. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Tengri Bank реттеушінің пруденциалдық нормативтерін бұза отырып, банк клиенттеріне қызмет ете бастады. Нәтижесінде Агенттік банктің акционеріне (PNB) банкті 2020 жылдың сәуір айының аяғына дейін капиталдандыру туралы қадағалау талабын жіберді. Талап орындалмады.

2020 жылғы наурыздан қыркүйекке дейінгі кезең ішінде Агенттік банк басшылығы мен акционерлерге қатысты 11 бұйрық және бір мәжбүрлеп қадағалау шарасын қабылдады.

«Реттеушінің қадағалауымен банк несиелерді қайта қаржыландыру және проблемалық несиелерді жинау бойынша іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде банктің міндеттемелері 26,4 млрд. теңгеге азайды, оның ішінде мемлекеттік компаниялар алдындағы қайтарылған міндеттемелер 5 млрд теңге», - дейді Олжас Қизатов.

Дегенмен бұл шаралар банктің қаржылық жағдайын дұрыстауға жеткіліксіз болды.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қыркүйегінде банктің қолда бар өтімділігі 100 миллион теңгеге жетпеген, ал клиенттің орындалмаған төлемдер көлемі шамамен 8 млрд. теңге болған. Сонымен бірге банктің өз клиенттері алдындағы міндеттемелерінің жалпы көлемі 74 миллиардтан астам теңгені құрады.

Ол банктің төлем қабілетсіздігін, ал оның тиімсіз бизнес моделі жағдайды тұрақтандыру үшін жеткілікті кіріс алуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Tengri bank-тің төлем қабілетсіздігі ең алдымен несие портфелінің сапасының төмендігімен байланысты. Лицензия қайтарып алынған кезде несиелік портфельдің 84% -ы мерзімі өткен, 90 күннен асқан мерзімі өткен несиелер барлық несиелердің 62%-ын құраған. Агенттіктің бағалауы бойынша, Tengri Bank несиелерінің 58% банк акционерлерімен және басшылығымен жанама байланысты адамдарға берілді және іс жүзінде қайтарымсыз болды.

«Қаржы институтының күрделі қаржылық жағдайын қазақстандық акционерлер арасындағы корпоративті даулар қиындатып, кейіннен олардың арасындағы сот ісіне ұласты. Банкте қаражат болмаған кезде және акционер Агенттіктің банкті капиталдандыру жөніндегі талабын ұзақ уақыт бойы орындамаған жағдайда, Банк пруденциалдық нормативтерді бұзып, Банк клиенттерінің төлемдері мен ақша аударымдарын орындамаған. Банк басшылығы мен акционерлері тарапынан туындайтын күрделі жағдайды түзету мүмкіндігінің жоқтығынан банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды», - дейді ол.

Кепілдендірілген өтемақыны төлеу мәселесін жедел шешу үшін Агенттік Ұлттық банкпен және Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен бірге жеке тұлғалардың депозиттерінің көп бөлігін екі апта ішінде төледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT