Tengri Bank АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.

«Осы жылдың 16 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 128-бабына сәйкес «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновты ұстады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды» деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен.

Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар