Теңгенің нығаюына вакцина туралы жағымды жаңалықтар ықпал етті – Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгеге вакцина туралы жаңалықтар қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада вакцинаның сәтті сынағы туралы жаңалық шығып, әлемдік нарықтарда эйфория туғызды.

Осының аясында мұнай бағасы шарықтап кетті, одан кейінгі вакцинаны жаппай пайдалануға беру жылдамдығына және АҚШ-тағы мұнай қорының өсуіне сыни көзқарас түзетуді туындатып, нарыққа ықпал етті.

Мұнай бағасының жан-жақты серпіні теңгеге де әсер етті.

«COVID-19-ға қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі туралы 9 қарашада шыққан жаңалық өткен аптада әлемдік қаржы нарықтарының қозғаушы күші болды. Вакцинаның тиімділігі туралы жақсы жаңалықтар аясында тауар нарықтарында оң серпін және инвесторлардың тәуекелге әуестігінің артуы байқалды. Қор индекстері мен мұнай бағасы өткен аптаны сенімді өсуден бастады. Сәрсенбіде қыркүйектен бері алғаш рет эталондық Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін $45 белгісінен жоғары көтерілді, бұл дамушы елдердің валюталарына оң әсер етті. Біздің ұлттық валютамыз да бір доллар үшін 427,26 теңге деңгейіне дейін немесе аптаның басына қатысты 1,2%-ға нығайды», - дейді Әлия Молдабекова.

Алайда, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бейсенбіде Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2020 жылы мұнайға әлемдік сұраныс бойынша болжамын төмендетті.

Ал АҚШ-тың энергетика министрлігі тәулігіне 488,7 миллион баррельге дейін, яғни мұнай қорының бір аптада 0,9%-ға өсімі туралы деректерді жария етті.

Жаппай вакцинацияның мерзімі және мұнайға деген сұраныстың пандемия алдындағы деңгейлерге дейін қалпына келу перспективаларымен қоса жарияланған статистика әлем нарықтарындағы баға жарысын тоқтата тұрды.

Апта соңында мұнай бағасын түзете отырып төмендетуге себеп болды.

Теңге бағамы соған қарамастан, бір аптада 0,4%-ға нығайып, 430,52 деңгейіне қайтып келді.

АҚШ-тың биржа индекстері аптаны позитивті аяқтады. S&P 500 кең нарық индексі 1,36%-ға өсті, ал Dow Jones индексі бейсенбіде жабылғандағымен салыстырғанда 1,37%-ға өсті.

Негізгі еуропалық қор биржалары да жұмада көбіне өсіп отырды, франциялық CAC 40 - 0,33%-ға өсті, неміс DAX индексі - 0,18%-ға көтерілді.


Соңғы жаңалықтар