Теңгенің нығаюы немен байланысты - сарапшы пікірі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары (KASE) Андрей Цалюк ұлттық валютаның күшею факторларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Доллар 4 теңгеге арзандады. Мұнай 3 күн қатарынан қымбаттап келеді. Сонымен қатар, рубль де долларға қарағанда күшейіп келеді. Менің ойымша бар себеп осында болса керек. Тағы бір мәселені айтар болсақ, нарық өте нәзік. 60 -70 млн АҚШ доллары, бұл салыстырмалы түрде өте аз. Сондықтан, теңгенің құбылмалығы жоғары болып тұр. Оған қоса мұнай бағасының болашақтағы болжамы бұлыңғыр. Барлығы санкциялық саясат пен АҚШ-Қытай арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болып тұр», - деді Андрей Цалюк.

Айта кету керек, KASE таңертеңгі сессиясында АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 365,48 теңге болды. Оның алдында бейсенбі күні  доллар бағамы 4,57 теңгеге түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар